SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талдықорғанда 18 сарбаз әскери госпитальға жатқызылды.

18/404 әскери бөліміндегі жауынгерлерге суық тиген. Жуырда шақырылған 17 сарбаз әскери госпитальда ем алып жатса, тағы біреуі Талдықорған қаласындағы көпсалалы ауруханасына жатқызылған. Оған пневмония диагнозы қойылды.

Дәрігерлердің айтуынша, сарбаздардың жағдайы тұрақты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!