Таразда бес қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің үшінші қабаттағы пәтері өртеніп, 23 тұрғын эвакуацияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Қалалық Төтенше жағдайлар қызметі мәлімдеп отыр.
“Бүгін таңертең Абай көшесінде бес қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің үшінші қабаттағы пәтерде үй заттары өртенді. Жедел келген өрт сөндірушілер шағын алаңдағы өртті сөндірді. Баспалдақ маршымен жоғарғы қабаттан 20 адам, оның ішінде 3 бала эвакуацияланды”, – делінген ТЖМ хабарламасында.
Өрт орнында ҚР ТЖМ АМО дәрігерлері жұмыс істеген. Зардап шеккендер жоқ.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!