Әлеуметтік желілерде 1 қыркүйекте Таразда кәмелетке толмағандар арасында төбелес болып, салдарынан біреуі пышақ жарақатын алғаны, артынша жан тапсырғаны туралы ақпарат тарады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл ақпаратты Жамбыл облысы Полиция департаменті растады. Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Күдікті – кәмелетке толмаған жасөспірім, ол ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді полиция.
Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сүйенсек, қаза тапқан бала 14 жаста болған. Сондай-ақ, төбелес мектептен тыс жерде болған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!