Сурет: интернеттен

Шымкенттік экс-полицей тағы да шу шығарды. Бұл жолы ол дәмханада бір әйелдің телефонын тартып алып, қайтарғысы келмеген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Әлеуметтік желіде Шымкенттегі дәмханалардың бірінде әйелдің телефонын тартып алып, қайтарудан бас тартқан ер адамның видеосы тарады. Телефонын мас ер адамнан ала алмайтынын түсінген әйел жанындағылардан көмек сұраған. Сөз арасында сыра ішіп отырған ер адамның былтыр 8 мамырда гүл сататын дүкеннен гүл шоғын тартып әкеткен экс-полицей екені белгілі болды.

Шымкент қаласының полиция департаменті оқиғаға қатысты әзірге мәлімдеме жасаған жоқ. Былтыр 8 мамырда флористі итеріп құлатып, дүкеннен гүл шоғын алып кеткен отбасылық себептерге байланысты өз өтінішімен ішкі істер органдарынан босатылған Қаратау аудандық ПБ-ның бұрынғы қызметкері екені анықталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!