Теміртау қаласының Сарыарқа көшесіндегі ашық аумақта пайдаланылған автокөлік дөңгелектерінің жануы орын алды. Жалпы ауданы 290 шаршы метрді құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді іс-қимылдарының нәтижесінде жалынның ары қарай таралуына жол берілмей, өрт толық сөндірілді.
«Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. ТЖМ өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды және жанғыш материалдарды ашық аумақтарда сақтамауды ескертеді».ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
