Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Астанадағы тіс емханасы клиникасында қайтыс болған үш жасар қыздың қазасынан кейін «Севоран» препаратын пайдалануға тыйым салына ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, «Севоран» мен баланың өлімі арасында тікелей байланыс қазіргі уақытта анықталмаған.
«Тиісті сот-медицина сараптамасы жасалды. «Севоран» жалпы балалар практикасында, соның ішінде анестезиологияда және гематологияда кеңінен қолданылады. Бүгінге дейін медициналық ұйымдар тарапынан осы дәрілер тобына қатысты қандай да бір жанама әсері туралы ресми мәлімдемелер түскен жоқ. Сондықтан Қазақстанда тек түпнұсқа препарат қолданылады. Менің ойымша, тергеу қорытындысы шыққаннан кейін бұл мәселе нақты айқындалып, содан соң тиісті шешім қабылдаймыз», – деді Әлназарова Мәжіліс кулуарында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
