2025 жылғы 28 мамыр күні сағат шамамен 18:00-де Алматы-Бішкек автожолының 44-шақырымында жантүршігерлік жол апаты болды: қарсы бетте келе жатқан жүк көлігінің тіркемесі ажырап кетіп, жеңіл көлікті соғып кеткен, деп жазады Azattyq Rýhy.

Тіркеме келіп соғылған Geely көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушы тіл тартпай кеткен.

Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алдын ала мәлімет бойынша, Түркістан облысының 39 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан КамАЗ маркалы жүк көлігінің тіркемесі ажырап кеткен. Содан барып қарсы жолақта келе жатқан Geely маркалы жеңіл көлікпен соқтығысқан, ал Geely көлігі инерциямен KIA Sportage көлігіне соғылған.

Алматы облысының полиция департаменті істің мән-жайын тексеріп жатыр

Қазір Алматы облысының полиция департаменті жан-жақты тергеу амалдарын жүргізіп, оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!