Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында биыл наурыз айында із-түссіз жоғалып кеткен үш жасар қыздың денесі табылды. Бұл туралы облыстық ПД басшысы Бауыржан Аленов жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еңбекшіқазақ ауданы полициясына баланың денесі табылғаны 22 шілдеде хабарланған. 

“Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Естеріңізге сала кетейік, үш жасар Айя-София наурызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында жоғалып кеткен. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауда”, – деп жазды Бауыржан Аленов.

Еске сала кетейік, үш жасар Айя-София 17 наурызда Алматы облысының Күш ауылында жоғалып кетті. Қыз үйден шығып кеткеннен бері оны ешкім көрмеген. Баланың анасы бірден полицияға хабарласқан соң іздестіру жұмыстары басталды.

Алғашқы күннен бастап құтқарушылар жерүсті іздестіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, республикалық жедел-құтқару жасағының мамандары жақын маңдағы су қоймасына сүңгіді. Іздестіру жұмыстарына арнайы үйретілген иттер мен «Қазавиақұтқару» тікұшағы да тартылды. Алайда,  жоғалып кеткен қыздың ізін табу мүмкін болмаған еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!