Әлеуметтік желіде әкесін ұрып-соққан ер адамның видеосы тарады. Осыған орай облыстық ПД түсініктеме берді, – деп хабарлайды Аikyn.kz
— Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданатын болады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар жария етілмейді, – деп хабарлады облыстық ПД-ның баспасөз қызметі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!