Қызылорда – Алматы бағытындағы А-2 Республикалық автожолда, Ынтымақ ауылының маңында Түркістан облысынан келе жатқан жолаушылар автобусы жол-көлік оқиғасына ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Otyrar басылымының жазуынша, апатқа тежегіштің істен шығуы себеп болған.
«Оқиға кезінде автобустың ішінде оқушылар отырған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ»,- делінген ақпаратта.
Апат орнында полиция қызметкерлері болды. Істің мән-жайы анықталуда.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!