Фото: видеодан алынды
Halyq Uni. Түркістан облысы Қарабұлақ ауылындағы ауруханада босанғанына 3 күн болған Севара Абдуллаева көз жұмды. Әйелдің туыстары жұмбақ өлімнің себебін анықтай алмай әлек, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Бұл туралы «Астарлы ақиқат» бағдарламасында айтылды.
«Қалай шыдаймын заңсыздыққа? Әлі киіп үлгермеген киімдері қаншама. Түк ауырмаған адам бір түнде өліп қалады. Бір өзін бір палатаға жатқызған. Бәрі дәрігерлердің салғырттығынан болды. Немереме не деп айтамын?», – дейді әйелдің енесі.
Әйелдің енесі Гаухар Әбілқасымованың айтуынша, келінінің босанғанға дейін де, кейін де жағдайы жақсы болған. Севара Абдуллаева 24 қаңтарда сәбиді жарты сағатта босанған. Алайда үш күн өткеннен кейін Севара Абдуллаева іші аурып, ыстығы көтеріледі. Дәрігерлер оны жансақтау бөліміне жатқызған, ал жарты сағаттан кейін көз жұмған. Бұған дейін ол күйеуіне хабарласып, «Кетанол» дәрісін әкеп беруін өтінген.
Гинеколог Әсем Нұғманова бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.
«Мәселе салынған дәріде емес. Ол – жас ана, алғаш рет босанып тұр. Оның 2 сағат ішінде босанғаны қалыпты емес. Бұл жедел босану, бұл жерде патология, асқыну бар. Біріншіден, жатырдың мойны жыртылуы мүмкін. Одан кейін санация жасалуы керек. Әйел 2 сағат бойы бақылануы керек», – деді ол.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!