Фото: ТЖМ

Өткен тәулікте Қазақстан Республикасының аумағында 7 жеңіл автокөліктің жанған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

  • Павлодар қаласында жақын тұрған екі автокөлікке өрт ауыса отырып;
  • Алматы облысында Жапек батыр және Жайнақ ауылдарының арасында;
  • Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас ауылында;
  • Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылында;
  • Қостанай облысы Қостанай ауданы Тобыл қаласында;
  • Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылында;
  • Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында өртенгені белгілі болды.
  • Барлық өрттер сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ автокөлікті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және электр жабдықтарын мерзімді диагностикадан өткізу қажеттігі туралы ескертеді. Автокөлік 5-7 минут ішінде толығымен жанып кетеді. Мүлкіңізді өрттен қорғаңыз!

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!