Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Төтенше жағдайлар министрлігі 27 шілдеге қараған түні Қазақстаның бірнеше өңірінде өрт болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Талдықорғанда ауданы 50 метр квадрат жеке тұрғын үйді жалын шарпыды. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында 50 литрлік газ баллонының жарылуының алдын алуға мүмкіндік туды. Өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.

Қостанайда жүк көлігінің тоңазытқыш камерасы өртенді. Құтқарушылар 6 шаршы метр аумақтағы өртті толықтай сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Алматының Медеу ауданында қоймалардың бірінде 5 метр квадрат аумақта құрылыс материалдары өртенді. Құтқарушылар өртті 16 минутта сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

Алматы облысы Бесағаш ауылында жеке тұрғын үйдің ауласында уақытша баспанасы бар моншаның жалпы алаңы 18 метр квадрат бір шатырдың астында өртенді. Өртті өрт сөндірушілер толықтай сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр.

Үй, жүк көлігі, қойма, монша: Қазақстанда түнде бірнеше өңірде өрт болдыФото: Төтенше жағдайлар министрлігі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!