Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінің №1 бақылап өткізу бекетінде мекеменің өндірістік аймағында орналасқан кәсіпорынның директорын рентген телевизиялық аппаратымен тексеру барысында сырт киімінің ішкі қалтасынан 1 дана ұялы телефон, 2 дана SIM карта табылды.

Орын алған әрекет бойынша мекемеге тыйым салынған затты алып кірмекші болған кәсіпкер ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, іс-құжаттары сотқа жолданды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!