4 қаңтарда Қызылорда – Павлодар тасжолында екі жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлытау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, апат салдарынан үш адам қаза тапқан.
«Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнында жол апатының барлық мән-жайы мен себебін анықтайтын жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушысына жол ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді», – делінген хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!