Жезқазған – Астана бағытындағы жолаушылар пойызының машинисі жолда тұрған жүк вагонын байқап, 300 метр қалғанда пойызды шұғыл тоқтатуға мәжбүр болды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Локомотив бригадасының жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік туды. Дегенмен пойыз жүк вагонын іліп өткен.

Оқиға салдарынан ауыр зардаптар тіркелген жоқ. Кейбір жолаушылар қатты тежеудің салдарынан жеңіл жарақат алған.

Пойыз 23:14-те жолын қайта жалғастырды. Теміржол инфрақұрылымы мен локомотивке зақым келмеген.

Қазіргі уақытта оқиғаның себептері анықталуда. Мән-жайларды тексеру үшін «Қазақстан темір жолы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары бастаған арнайы комиссия оқиға орнына жіберілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!