2025 жылғы 19 тамызда Абай облысында қайғылы жағдай болды. Жеңіл көлік жүргізушісі ойнап жүрген балаларды қағып кетті. Олардың үшеуі оқиға орнында қаза тапты, тағы үшеуі ауыр жарақат алды. Өкінішке қарай, бұл бала өмірін қиған алғашқы да, жалғыз да жол апаты емес, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің деректеріне сәйкес, биылғы 8 айда тек Абай облысының өзінде жол апатынан бес бала қаза тауып, тағы 222 бала зардап шеккен.
Ең көп жағдай Түркістан облысында болған: 34 бала қаза тапқан, 280-і жарақат алған. Қайғылы статистика бойынша екінші орында – Алматы облысы, 22 бала қаза тапқан, 858-і зардап шеккен. Үштікке Жамбыл облысы кіреді – 18 бала қаза тапқан, 513-і жарақат алған.
Басқа өңірлер бөлінісінде балалар өлімі туралы статистика:
- Жетісу облысы – 12 бала қаза тапқан, 294 бала зардап шеккен;
- Қарағанды облысы – 11 бала қаза тапқан, 101 бала зардап шеккен;
- Ақтөбе облысы – 10 бала қаза тапқан, 454 бала зардап шеккен;
- Атырау облысы – 10 бала қаза тапқан, 524 бала зардап шеккен;
- Шымкент – 10 бала қаза тапқан, 357 бала зардап шеккен;
- Маңғыстау облысы – 9 бала қаза тапқан, 508 бала зардап шеккен;
- Батыс Қазақстан облысы – 8 бала қаза тапқан, 320 бала зардап шеккен;
- Қызылорда облысы – 7 бала қаза тапқан, 282 бала зардап шеккен;
- Шығыс Қазақстан облысы – 7 бала қаза тапқан, 250 бала зардап шеккен;
- Қостанай облысы – 6 бала қаза тапқан, 236 бала зардап шеккен;
- Ақмола облысы – 5 бала қаза тапқан, 256 бала зардап шеккен;
- Павлодар облысы – 3 бала қаза тапқан, 217 бала зардап шеккен;
- Ұлытау облысы – 3 бала қаза тапқан, 92 бала зардап шеккен;
- Астана – 3 бала қаза тапқан, 436 бала зардап шеккен;
- Алматы – 2 бала қаза тапқан, 1202 бала зардап шеккен;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 2 бала қаза тапқан, 97 зардап шеккен.

Жалпы, жыл басынан бері Қазақстанда 0-ден 17 жасқа дейінгі 190 бала жол апатынан көз жұмып, 7508-і зардап шеккен.

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!