KAZINFORM — Оқыс оқиға Павлодар облысына қарасты Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінде болды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, құтқарылғандардың арасында үш бала бар.

— Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінде ТЖМ Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қайық пен катамаранмен «Махаббат аралына» жүзіп барған 7 адамды, оның ішінде 3 баланы құтқарды. Ауа райының күрт нашарлауына байланысты — қатты жаңбыр мен дауылды жел кезінде — демалушылар жағалауға өздігінен қайта орала алмады. Құтқарушылардың үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында барлық азамат қауіпсіз жерге жеткізілді. Медициналық көмек қажет болмады, — делінген хабарламада.

ТЖМ су айдындарында демалғанда қауіпсіздік ережелерін сақтап, ауа райы болжамын алдын ала біліп барудың қажеттігін еске салады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!