Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_talgar

Желіде Талғар тасжолының бойындағы Тұздыбастау ауылында атыс болғаны айтылған видео пайда болды. Бұл жайтқа Алматы облыстық полиция департаменті өкілдері түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

«Жергілікті тұрғындардың айтуынша, атыс болған1, – делінген видеоның астындағы жазбада.

Алматы облыстық полиция департаменті өкілдері бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Оқиғаға қатысушылардың барлығы полицияға жеткізілді», – деп хабарлады полицейлер.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!