Фото: Жетісу облысы ПД
Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, бүгін 23 тамызда сағат 18:15 шамасында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының 278 -шақырымында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Екі жүк көлігі соғылып, 16 көлік өртеніп кетті. Оның 14-і жүк көліктеріне тиелген жеңіл автокөліктер болған.
«Бірінші автокөліктің жүргізушісі аман, екінші автокөлік жүргізушісінің тағдыры белгісіз. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері өрт сөндіріп жатыр. Оқиға себебі анықталып жатыр», – дейді Жетісу облыстық ПД ЖПҚБ бастығы Қайсар Мухметов.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл соңғы үш күнде адам өлімімен аяқталған 4-жол көлік оқиғасы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!