Жезқазғанда 50 жастағы жұмысшыны топырақ басып қалды. Ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды “Адырна”.

Жазатайым оқиға 8 қазан күні коммуналдық жөндеу жүргізу кезінде болған. Кәріз желілерін төсеу жұмыстары жүріп жатқанда шамамен 2 метрлік топырақ опырылып кеткен. 50 жастағы жұмысшы үйінді астында қалып кетті. 

Полиция «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу, адам өліміне әкеп соқтыру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу жүріп жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!