Фото: видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ
Қарағанды облысындағы тасжолда тасқын судың салдарынан қалып қойған үш ауыр жүк көлігін полицейлер жергілікті тұрғындармен бірге алып шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бұған дейін Қарағанды облысындағы тасжолда төтенше жағдай орын алған болатын: бірнеше тонналық жүк көлігін тасқын су шайып кеткен. Облыстық полиция департаменті ешкімнің зардап шекпегенін, оқиға жолды ашу кезінде болғанын хабарлады.
ІІМ өзінің Telegram-дағы жаңалықтар арнасында Ақсу – Аюлы ауылы маңында үш ауыр жүк көлігін судан шығару операциясын көрсетті. Полицияға жергілікті тұрғындар көмектесті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!