Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі балалардың терезеден құлау жағдайларына байланысты алаңдаушылық білдірді.

Ведомствоның хабарлауынша, жылы мезгілдің басталуымен, сондай-ақ жазғы мектеп демалысы кезінде жыл сайын осындай оқиғалар саны артады.

«Осы жылдың басынан бастап балалардың терезеден құлауына байланысты 60 жазатайым оқиға тіркелген. Бес бала оқиға орнында қайтыс болды, 55 бала түрлі жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілді», – деп жазылған хабарламада.

Министрлік мәліметінше, 2024 жылы осындай 196 оқиға тіркелді. Әдетте, мұндай жазатайым жағдай ересектердің қарауынсыз қалған 2 жастан 13 жасқа дейінгі балалар арасында болады. Көбінесе қайғылы оқиғалар балалар москит торларына сүйенген кезде болады, себебі бұл торлар салмаққа шыдамайды.

Ведомство басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің барлық өңірлерінде профилактикалық жұмыстар күшейтілді. Құтқарушылар,ата-аналармен кездесу кезінде және балалар мекемелерінде рейдтер, профилактикалық іс-шаралар өткізеді.

Азаматтардың қауіп-қатер туралы хабардарлығын арттыру үшін ақпараттық ресурстар белсенді түрде тартылуда.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!