Нидерланд фотографы Макс Райв Маңғыстау облысының туристік нүктелерінде болып, шетелдіктерге «керемет шөлдер» мен «сюрреалистік жартас түзілімдерін» көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фотограф Қазақстанға үш жазба арнады. Алдымен ол өзінің туры туралы әңгілемейді, содан кейін Бозжыра шатқалы туралы көзқарасын білдіреді.
«Қазақстанда керемет шөлдер, сюрреалистік жартас түзілімдері және фото түсірілімі үшін шексіз мүмкіндіктерді ұсынатын миға сиғысыз табиғи өрнектер бар. Келесі жылдың қыркүйегін жіберіп алмаңыздар, фотограф Мэдисон Маккардл мен өздеріңізге қызмет қылушының басшылығымен тағы да тамаша саяхаттың куәсі боласыздар», – дейді Райв.
Содан кейін ол «Қазақстанда ұясына батқан Күннің тамаша көрінісін» көрсетті.

Соңғы жазбаға қоса ұсынылған сурет желі қолданушыларын қатты таң қалдырып, бәрін шулатып жіберді.
«Қазақстанның сюрреалистік пейзаждары. Бұл керемет аймақ теңіз деңгейінен 70 м/230 фут төменде орналасқан», деп жазды сурет астына фотограф.
Шетелдіктер пікір қалдыра отырып, бұл суреттің Марстағы кескіндерге ұқсайтынын айтқан:
- Қашан Марсқа барып алғансыз?
- Уау, мынау дегеніңіз Жерге тән емес дүние ғой.
- Өте керемет! Қазақстан өте эпикалық көрініске ие.
- Қандай әдемі көрініс? Супер!
- Құдайым-ау, мынау фантастика ғой!
- Уау, Макс, басқа әлемде жүрсіз-ау деймін!
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
