Алматыда 1 маусымда балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Балаларды қорғау күніне орай 1 маусым күні 16 жасқа дейінгі балалар үшін қоғамдық көлікте (автобус, троллейбус, метро) жүру тегін болады”, – дейді Алматы әкімдігінен. 

Халықаралық балаларды қорғау күні жыл сайын 1 маусымда аталып өтіледі, ол 1949 жылғы қарашада бекітілген.

Балаларды қорғау күні ересектердің назарын балалардың өз пікірін еркін айтуына, білім алу құқықтары сақталуына, зорлық-зомбылықтан және өмір сүру құқығынан қорғауға аудару мақсатында өткізіледі. Ата-ана да мемлекет секілді балалардың құқықтары мен бостандықтарын мойындауы және сақтауы тиіс. Бұл туралы БҰҰ 1959 жылы қабылдаған Бала құқықтары декларациясында айтылған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!