Павлодарлық мәслихат депутаты Гүлжайна Дәрімова өзіне қарсы акциялар ұйымдастырып жатқанын мәлімдеді. Қалада депутаттың атынан  үнпарақ таратылып, сауалнамалар жүргізіліп жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

фото: ашық дереккөз
“Жағалауда үнпарақтар таратылып жатыр. Мен халық үшін адал депутат болғым келді. Бірақ ондайлардың қажеті жоқ екен. Жерлестерім, өкінішке қарай, үміттеріңізді ақтамадым. Бәріңізді жақсы көремін», – деді депутат.

Ол өзіне қарсы акция ұйымдастырғандарды іздеп табуға уәде беріп, желідегі парақшасында үнпарақтарды басып шығарған баспахана туралы ақпарат үшін 100 мың теңге сыйақы жариялады. Ал өзіне қарсы науқанға тапсырыс берушіні тапқандарға бір миллион теңге беруге дайын. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!