Фото: Видеодан скриншот
Ұлтаралық алауыздық тудырды деп айыпталған Мұрат Әбділда бостандыққа шығып, қолдау білдірген ағайынға алғыс айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі абақтыдан шығып, туған ауылына барды. Одан кейін Turkistan TV арнасына сұхбат берді.
“Құрметті, ағайын! Мен бостандыққа шықтым. Маған қолдау білдірген барлық жандарға алғыс білдіремін. Екі жылда көп дүние өзгеріпті. Ауылым да өзгерген. Орталарыңызға оралдым. Еліміз тыныш болсын! Жол бойы далаға көз тастап келдім. Туған үйге жететін жер жоқ екен?! Мен өз арқамда шыққан жоқ. Қаншама рет түзету мекемесінің есігін тоздырған адамдардың арқасында бостандықтың таңын көрдім. Абақтыда отырып 100 шақты ән шығарып келдім. Өмірімді түгелімен шығармашылыққа арнаймын”, – деп ағынан жарылды әнші.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!