Фото: Видеодан кадр: t.me/qr_tjm
«ҚазАвтоЖол» өкілдері қазір тасжолдарда не жағдай болып жатқанын айтты – ауа райының қолайсыздығынан 16 облыста жолдың 100 учаскесі жабылып, көліктер кептеліп қалған. Бұл туралы ұлттық компанияға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
«ҚазАвтоЖолдың» Telegram-дағы ресми арнасындағы мәлімет бойынша, сағат 07:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 16 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 100 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді:
Абай облысында – 9 учаске (1243 км);
Ақмола облысында – 27 учаске (2201 км);
Ақтөбе облысында – 5 учаске (778 км);
Алматы облысында – 1 учаске (84 км);
Атырау облысында – 1 учаске (9 км);
Шығыс Қазақстан облысында – 5 учаске (408 км);
Жамбыл облысында – 1 учаске (450 км);
Жетісу облысында – 1 учаске (100 км);
Батыс Қазақстан облысында – 1 учаске (133 км);
Қарағанды облысында – 8 учаске (1158 км);
Қостанай облысында – 11 учаске (1508 км);
Қызылорда облысында – 1 учаске (815 км);
Павлодар облысында – 9 учаске (1624 км);
Солтүстік Қазақстан облысында – 15 учаске (1924 км);
Түркістан облысында – 2 учаске (283 км);
Ұлытау облысында – 3 учаске (543 км).
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 141 техника және 196 жолшы жұмылдырылған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!