Қазақстан Республикасы Президентінің «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 10.07.2019 жылғы №152/НҚ бұйрығымен бекітілген «Ақылды қала» эталондық стандартында барлық коммуналдық мәселелер бойынша азаматтардың өтініштерін қабылдайтын 109-Бірыңғай байланыс орталығын құру қарастырылған.
2020 жылдан бастап Қызылорда қаласында (2023 жылы Қызылорда облысы толығымен қосылды) «109» бірыңғай нөмірі арқылы коммуналдық мәселелер бойынша облыс тұрғындары мен қонақтарының өтінімдерін қабылдайтын 109-Бірыңғай байланыс орталығы (әрі қарай – 109-қызметі) қызмет атқаруда. 109 – қызметі 24/7 жұмыс режимінде, барлығы 28 қызметкермен (4 ауысыммен) телекоммуникация құралдары («109» желісі, мобильді қосымша, әлеуметтік желілер ) арқылы өтінімдерді тіркейді, жауапты мекемелер мен ұйымдарға жолдайды.
2020-2025 жылы аралығында 831 742 қоңырау тіркелді (2020 жылы – 95595 өтінім, 2021 жылы – 111426 өтінім, 2022 жылы – 109061 өтінім, 2023 жылы – 165482 өтінім, 2024 жылы – 167237 өтінім, 2025 жылы – 182 941 өтінім тіркелді).
Азаматтардың мемлекеттік қызмет және коммуналдық мәселелерін шешу, мемлекеттік органдардың жұмысын жетілдіру және ақпарат алу қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша халықтың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәжірибесін жақсарту мақсатында қызмет атқарады. Бүгінгі күні тұрғындар «109» нөмеріне хабарласу арқылы бірнеше мәселелерді бір нөмерге хабарласа отырып шешімін таба алады.
Сонымен қатар, 109-қызметі:
- Облыстық сайлау комиссиясының колл орталығы болып жұмыс атқарады;
- «Азаматтарға арналған үкімет» комерциялық емес акционерлік қоғамының бастамасымен 111 «Аманат» колл орталығы (Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша) «109» желісіне қосылды;
- Республикада алғашқы болып «104» желісіне келіп түсетін қоңыраулар «109» желісіне бағытталды;
- «Аманат» партиясы Қызылорда облыстық филиалының бастамасымен «Ерікті көмекке» желісінің колл орталығы болып бекітілді;
- Smart City жобалары аясында Қызылорда облысында iorda.kz порталы көмегімен жеке және заңды тұлғаларға коммуналдық қызметтермен 85 бағыт бойынша қызмет көрсетуде;
- «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының операторы болып бекітілді.
«Көмек-109» АЖ «Smart Qyzylorda», АТЖ «SDU» және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен «Цифрлық қадағалау» бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесімен интеграция жұмыстары жүргізілді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!