Пәкістанда 110 жастағы қария 55 жастағы әйелге үйленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24 News HD басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жергілікті тұрғындар арасында шу шығарған той Хайбер-Пахтунхва провинциясының Мансехра ауданында өтті. 12 баланың әкесі Абдул Ханан Свати осымен төртінші рет үйленуде. Немерелері мен шөберелерін қосқанда отбасында 84 адам бар.
Жергілікті мешітте өткен салтанатты шараға қарияның алты ұлы мен алты қызы қатысты. Оның үйленген жары Баттаграм округінен келген әйел болды. Қария қалыңдығына қалың мал ретінде бес мың рупий берді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!