Фото: РИА Новости
Halyq Uni. Ішкі істер министрлігі еліміз бойынша өткізілген «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын жариялады, деп хабарлады Polisia.kz.
5 күнде көші-қон заңын бұзудың 10 мыңнан аса дерегі анықталды:
- елімізде болу ережелерін бұзғаны үшін 4 475 шетелдік;
- Заңсыз жұмыс істегені үшін 2 118 шетелдік;
- шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін 613 жұмыс беруші;
- өздерімен бірге жүрген шетелдіктер туралы полицияға дер кезінде хабар бермегені үшін 2 624 жеке және заңды тұлға жауапқа тартылды.
Сондай-ақ қос азаматтықтың 9 дерегі анықталды. Шетелдіктерге елде тұруға берілген 113 ықтиярхат күшін жойды.
Көші-қон заңнамасын бұзғандарды елден шығару туралы 850 сот шешімі шықты. 121 шетелдік елден мәжбүрлеп шығарылды.
Барлық депортацияланған шетелдікке 5 жылға Қазақстанға кіруге тыйым салынды.
Сондай-ақ іздеуде жүрген 37 шетелдік ұсталды.
Көші-қон қызметі елге шетелдіктерді шақыратын қазақстандықтарға шетелдіктерді елден уақытында кетуін ұйымдастыру керектігін ескертеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!