Фото: БҚО әкімдігі
Батыс Қазақстан өңірі су тасқынының екінші кезеңіне дайындалып жатыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Су тасқыны басталғалы облыстан 13 159 адам эвакуацияланды, оның ішінде 6 мыңға жуығы балалар.
Облыс бойынша 17 эвакуациялық пунктке 1 701 адам орналасқан. Бұл туралы
«Қазіргі уақытта су тасқынының екінші кезеңіне дайындық жүргізілуде. Жағдай әлі де күрделі болып қалуда. Себебі, Ресейдің Орынбор облысынан келе жатқан сулар 17-19 сәуірде облысқа келеді деген болжам бар. Қазіргі кезде Жайық өзеніндегі су деңгейі 759 см құрады. Яғни, қауіпті деңгейге жетіп қалды, ол 850 см құрайды. Осыған байланысты 80 км жуық бөгет тұрғызылып, Жайық өзенінің жағасы барынша нығайтылуда. Қазіргі уақытта Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Теректі аудандары мен Орал қаласын су басу қаупі бар», – деді облыс әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Ерхан Тәткен Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте.
Оның айтуынша, су тасқынынан зардап шеккен 677 отбасыға 125 млн теңге қаржы төленді. Сондай-ақ қайырымдылық қорлар, кәсіпкерлер, жеке тұлғалар тарапынан 279 млн теңге көлемінде гуманитарлық көмек көрсетілді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!