SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана қаласында 15 наурыз күні қоғамдық көлікпен жүру ақысыз болады. Мұндай шешім республикалық референдум өткізілуіне байланысты қабылданды. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі жазды.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, бұл күні қалалық, экспресс және қала маңындағы автобус бағыттарының барлығында жол жүру тегін болады. Шара тұрғындардың дауыс беру учаскелеріне баруын жеңілдету мақсатында енгізілген.

Осылайша қала тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлікті ешқандай төлемсіз пайдалана алады.

Қоғамдық көлік штаттық кесте бойынша жұмыс істейді. Автобустар таңғы сағат 06:00-ден түнгі 23:00-ге дейін қатынайды.

Ал 16 наурыздан бастап қоғамдық көлік бұрынғыдай қалыпты режимде қызмет көрсетеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!