фото: ашық дереккөзен алынды

Қазақстан Қарулы Күштерінде 15 қыркүйек – бронды танк техникасымен қызметі тығыз байланысты әскери қызметшілер мен ардагерлердің мерекесі – Танкистер күні ретінде атап өтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл техника Құрлық әскерлерінің қуаты мен соққы күшінің символына айналған.

15 қыркүйек – Қазақстан Қарулы Күштерінде Танкистер күні

Мерекенің тарихы Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарына кетеді. 1941 жылы Шымкент теміржолы еңбеккерлерінің бастамасымен республикада танк колоннасын құру үшін қаржы жинау ұйымдастырылды. Нәтижесінде, 1942 жылдың 15 қыркүйегінде майданға «Қазақстан комсомолы» деген жазуы бар 46 танк аттанды. Олар маңызды шайқастарға қатысып, Берлинге дейін жеткен. Бүгінде танк әскері аға буынның даңқты дәстүрлерін жалғастыруда.

Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы, генерал-майор Мереке Көшекбаевтың айтуынша, жыл сайын танкистердің кәсібилігі мен шеберлігі артып, атыс техникасы мен ұрыс жүргізу тактикасы жетілдірілуде. Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде Танкистер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

15 қыркүйек – Қазақстан Қарулы Күштерінде Танкистер күні

Оған Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы, ардагерлер, әскери қызметшілер мен курсанттар қатысты.

15 қыркүйек – Қазақстан Қарулы Күштерінде Танкистер күні

Қорғаныс министрі атынан жиналғандарды оның орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев құттықтады. Өз сөзінде ол ардагерлер мен қазіргі танкистердің елдің қорғаныс қабілетін нығайтудағы рөлін атап өтті.

15 қыркүйек – Қазақстан Қарулы Күштерінде Танкистер күні

– Қазіргі қақтығыстар танк әскерлерінің әлі де ұрыс алаңындағы шешуші күштердің бірі екенін көрсетуде. Танкистер – бұл күштің, машықтың және үйлесімділіктің символы, – деді Қорғаныс министрінің орынбасары.

15 қыркүйек – Қазақстан Қарулы Күштерінде Танкистер күні

Мереке аясында ардагерлер мен әскери қызметшілерге алғыс хаттар мен марапаттар табысталды. Мерекелік іс-шара 68665 әскери бөлімі Құрмет қарауылы ротасының дефилесі және Қарулы Күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық ансамблінің мерекелік концерттік бағдарламасымен аяқталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!