Астанада такси жүргізушісі шетелдік азаматты вокзалдан 150 метр қашықтықта орналасқан «Сапаржай» автобекетіне дейін 500 теңгеге жеткізіп тастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: polisia.kz
Полицейлер аталған факті бойынша Әкімшілік кодекстің 449-бабының 1-бөлігі «Қоғамдық орындарда алаяқтық» және 463-бабының 1-бөлігі «Тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу” бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.
«Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайта жасау бойынша Әкімшілік кодексте 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 5 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған», – деп еске салды қалалық полиция департаменті.
Заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін жеке тұлғаларға 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!