Облыстық Полиция департаментінің Кинологиялық қызмет орталығы қылмысты ашуда, ізін кесуде қызметтік-іздестіру иттерін пайдаланып, 192 қылмыстың бетін ашты.
Бүгінде Кинологиялық қызмет орталығында арнайы үйретілген 16 қызметтік-іздестіру иті және 3 қызметтік күшік бар. Иісшіл иттерді 5 кинолог маман үйретеді. Қызметтік иттер қылмыс ашу, із кесу, есірткі, жарылғыш заттарды іздеу, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және одорология бойынша полиция қызметкерлеріне көмек көрсетеді.
Биылғы жылдың 10 қаңтар күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел тергеу тобына лақап аты Леон қызметтік итімен кезекшілікке түскен полиция қызметкерлері ұрлық қылмысын әшкереледі. Қызметтік иттер тәртіп сақшыларының сенімді серіктесіне айналған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!