Тараз қаласының №2 сотының судьясы 2 000 000 теңге сомасында пара алған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Антикоррупциялық қызмет Сот әкімшілігінің қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп жасырын іс-шаралардың нәтижесінде Тараз қаласының №2 сотының судьясы 2 000 000 теңге сомасында пара алғаны туралы әшкереленді. Судья сотталушыдан іс жүргізуде қылмыстық іс бойынша бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындағаны үшін ақшалай қаражат алды деп күдектеліп отыр, – делінген Антикор таратқан хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 550-бабының тәртібімен Бас прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім берді.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!