Танымал актер Асылхан Төлепов былтыр дүниеден өткен ұлы Аханды еске алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ашық дереккөзден

“Бүгін менің батырымның туған күні. Қасымызда болсаң екі жасқа толар едің. Батырым! Қошақаным! Тәп-тәтті болған қара томпағым. Сені бір иіскеп, сүйіп, қатты құшақтап алсам ғой…”, – деп жазды Асылхан Төлепов.

"2 жасқа толар едің": Асылхан Төлепов марқұм ұлына жантебірентерлік жазба арнады

Айта кетейік, Асылхан Төлеповтің екінші ұлы Ахан былтыр наурыз айында шетінеп кеткен еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!