Алматы облысында аспирин ішіп, өзіне қол салмақ болған баланың анасы мектеп директорына қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әйелдің сөзінше, мектеп директоры 200 мың теңге ұсынып, полициядан арызын қайтарып алуын сұраған.
«Мектеп директоры маған келіп, «200 мың теңге беремін, мұндай ештеңе болмады деп арызыңды қайтарып ал. Анаң Бесағаш чатында кешірім сұрасын» деді. Мен бас тартып, бұдан кейін байланысқа шыққан жоқпын», – дейді ол.
Еске салайық, бұған дейін 4-сынып оқушысының өзіне қол салмақ болғаны туралы хабарлаған едік. Оқушы қоштасу хатын жазып, бір қорап аспирин ішкен.
Ал баланың әжесі оның бұл әрекетке баруына мектептегі буллинг себеп болғанын айтты. Сөзінше, немересін мектеп әжетханасында әлдекімдер қорлағанын. Шашын қырқып, көйлегін жыртқан көрінеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!