ТАРАЗЫ

Сиыр жылында Таразы белгісіндегілер табысқа жету үшін барынша күш жұмсап, табанды жұмыс істей білуі керек. Ал іскерлік қызметте сақ болып, кішкене қателіктің арты үлкен дауға ұласатынын естен шығармаған абзал. Жаз айында екінші жартыңызды іздеуге және махаббатта тұрақталуға жақсы кезең. Алайда бұл жылы отбасын құруды жоспарламаған дұрыс. Жылдың басы мен аяғы жалғызбасты таразы белгісіндегілерге сәтті болмақ. Олар болашақ жарымен танысуға мүмкіндік алады. Ал отбасылылар жұбайына көбірек көңіл бөліп, жылы сөзін жиі арнап отырса игі. Ол араға түсетін сызаттан сақтап, неке беріктігіне кепілдік береді.

Махаббат

Махаббат келеңсіздік тудыруы ғажап емес. Себебі өз сезімін билеп, жүрегіне жақын-ау деген адамдармен ортақ тіл табысу қиынға соғады. Оған күдік, шешім шығара алмау, үрей сияқты сезімдер өз әсерін тигізбей қоймайды. Жүрегінің жартысы жоқ жандардың өз қалауын кездестіруге мүмкіндігі жоқ. Сүйіктісі барлар азын-аулақ кикілжіңге ренжісіп қалмай, барынша шыдамдылық танытқаны абзал. Ондай дау-дамай жыл соңына дейін жалғасып, желтоқсан айында қарым-қатынас тұрақталады. Жыл соңында мұндай жайсыздықтардың бұлты сейіліп, отбасылыларға береке кіреді.

Денсаулық

         Сиыр жылында таразы белгісіндегілердің денсаулығы керемет болады. Созылмалы дерті бар жандарға мереке қарсаңында өз режимін бұзбауға кеңес береді. Артық тамақтану мен эмоционалды күш салу дерттің асқынуына алып келуі әбден мүмкін. Ал қараша мен желтоқсан айында стресс пен ұйқысыздықтан сақтаныңыз. Болмашы нәрсеге ашулана берудің қажеті шамалы. Кешенді дәрумендер қабылдайтын кезең сол жылдың аяғы болмақ. Ол иммунитетті көтеріп, ағзаның күйзелістерге беріктігін күшейтеді.

Қаржы

Таразы белгісіндегілер молшылықта өмір сүргісі келеді. Өмірдің әр сәтінен ләззат алуға ұмтылады. Дегенмен қызметте де, жеке өмірде де жетекші рөл атқаруға ұмтылмаған жөн. Жағдайды қанша тездеткіңіз келгенімен, өзіңізді тежей білген дұрыс. Алыс іс-сапарлар нәтижелі аяқталады. Жыл қаржылық аймақта тәуекел етуді қолдамайды. Өзіңізге қатты қажет затты ғана сатып алыңыз. Сондай-ақ әріптестеріңіз қызмет бабында сізді өз мақсатына пайдалануы мүмкін. Сақ болған жөн. Қызметіңізде көтерілу де осы жылға тұспа-тұс келіп тұр. Сондықтан мүмкіндігінше аянып қалмаған жөн.

Аударған Айгүл ӘЛІШЕРОВА

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!