Тоқты

         Тоқты белгісінде туған адамдар көшбасшы болғанды жаны сүйетіндіктен Сиыр жылы жағымды болмақ. Қалыпты өмір салтынан арылып, әр күнді қызықты өткізуге жол ашады. Десе де, арқаны кеңге салмай, құрғақ уәде беріп, сан соқтыратындардан аулақ жүрген абзал. Ал жылдың екінші жартысында күтпеген өзгеріс өміріңізді 360 градусқа өзгертеді. Үлкен жоспарларды осы уақытта бастаған жөн. Астрология идеяларыңызды кейінге шегеруге болмайтынын ескертеді. Жаңашылдықтың бәріне іштей дайын болыңыз.

Махаббат

         Талапшылдардың махаббатта жолы бола бермейді. Жұбайлар арасында кикілжіңге көп әкелетін бірізді өмір болмақ. Еркіндіктің жетіспеуі салдарынан жанжалдар туындайды. Сондықтан барынша екінші жартыңызға жұмсақтық танытып, қолдау көрсеткен абзал. Ал бойдақтарға Сиыр жылы мейірім төгіп, романтикалық кездесулер нәтижесінде екінші жартысын жолықтырады. Осы сәтті тиімді пайдаланып, махаббатыңызбен бірге шетелге саяхаттауға шыққан абзал.

Денсаулық

Денсаулық тұрғысынан тұрақты жыл болады. Созылмалы дерті бар жандар профилактикалық ем-дом қабылдаған жөн. Өйткені бұл жыл денсаулыққа селқостық танытатындарды аямайды. Сондықтан спортпен шұғылдану жағын ойластырып көріңіз. Ұсақ-түйекке ашуға булығып, дауыс көтермеңіз. Әріптестермен қарым-қатынасты тең дәрежеде ұстаңыз. Олармен арадағы келіспеушіліктер денсаулыққа кері әсерін тигізеді, өзіңіз де әріптестеріңізбен қарым-қатынаста мейірімділік танытыңыз.

Қаржы

Бейтаныс жандармен келісім-шарт жасаудан, күдік тудыратын компаниялар мен жобаларға қомақты қаржы құюдан аулақ болыңыз. Дегенмен Сиыр жылында материалдық жағдайды жақсартуға жол ашылады. Алғашқы алты ай кәсіп бастап, жұмыс ауыстыруға ыңғайлы уақыт. Бұл кезеңде астрология мансаптың өсуіне барынша күш салу жемісті болатынын айтады. Жазда ауқымды жобалар нәтижесін беріп, толағай табысқа кенеледі. Ал екінші жарты жылдықта жаңа іс бастауға қадам жасамай-ақ қойыңыз. Тек қазан айы сәтті болуы мүмкін.

Аударған Айгүл ӘЛІШЕРОВА

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!