Қазақстанда 2025 жылы жалпы 119 демалыс күні белгіленген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазан айында елімізде Республика күні аталып өтті. Отандастарымыз мерекеге орай 25, 26 және 27 қазан (сенбі, жексенбі және дүйсенбі) күндері демалды.
Енді жыл соңына дейін қандай мерекелік демалыстар болатынын есептеп көрейік.
Қараша
Қарашада қосымша демалыс күндері болмайды. Демалыстар тек сенбі және жексенбі күндеріне түседі.
Желтоқсан
Желтоқсанда ел тұрғындары 16 желтоқсанда – Тәуелсіздік күніне байланысты 1 күн демалады. Ал 30 және 31 желтоқсан (сейсенбі және сәрсенбі) жұмыс күндері болып есептеледі, сондықтан жаңа жыл алдындағы дайындықтар жұмыспен қатар жүреді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
