Бүгін, 26 маусымда бүкіл әлем есірткіні теріс пайдаланумен және олардың заңсыз айналымымен күресудің халықаралық күнін атап өтуде.
«Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орай ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінің тәрбие бөлімі және жедел бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жазасын өтеушілер арасында тренинг өтті.
Кызылорда облысының Полиция департаменті қызметкерлері қатысып, жазасын өтеушілер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Нашақорлық – әлеуметке ортақ проблема, қоғамның дерті. Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық жиілігіне ұшыратады, есірткісіз өмір сүре алмайтын халге түсіреді. Қазіргі кезде есірткіге қарсы күрес жүргізу үшін дүние жүзі мемлекеттері аянып жатқан жоқ. Соның ішінде еліміз де есірткіге қарсы күресте мемлекеттік саясат жүргізіп, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің бағдарламасын іске асыруда,- деді Қызылорда облыстық ПД ЕҚҚІҚБ жедел уәкілі әділет капитаны Б.Абилакпаров.

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!