Фото: Qaz365.kz
Депутат Ардақ Назаров әлеуметтік желіде қазақтарды балағаттаған түркістандық жігітті жауапқа тартуды талап етті. Жақында түркістандық азаматтың әлеуметтік желіде аузына келгенін айтып, қазақтарды балағаттаған видеосы тараған еді, деп хабарлайды KYN.KZ.
«Қазір әлеуметтік желіде оттайтындар мен боқтайтындар көбейіп кеткен. Кеше Түркістан облысының Сайрам ауданы азаматы бүкіл қазақ еліне, тіпті керек болса Президентімізге тіл тигізді. Бұл азаматтың қазір шетелде жүр. Біз бейбітшілікті сақтап отырған елміз. Біздің елімізде тұрып жатқан азаматтар қазақ халқын басынбауы керек. Біз момын халық емеспіз. Біз байсалды халықпыз.
Сондықтан мына азамат қазір шетелде екен. Оның ата-анасы кеше әлеуметтік желіде кешірім сұрады. Бұлай істеуге болмайды. Ертең ол азамат елге кезген кезде, оны 30 күн қоғамдық жұмысқа жегу керек, керек болса оны бірнеше күнге бас бостандығынан айыру керек. Өйткені бұл басқаларға сабақ болуы керек», – дейді депутат.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!