Оралда бала сату дерегімен 31 жастағы келіншек ұсталды. Ол өзінің 2 баласын сатып жіберген деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бала сату дерегін Орда жазды. Ақпаратқа сүйенсек Орал қаласында тұратын Қарақалпақстан азаматшасы өз баласын 1 миллион теңгеге бағалаған.
“Алғаш 2018 жылы жаңа туылған нәрестесін заңсыз Атырау облысында тұратын отбасыға сатқан. Кейін 2022 жылы 3 жастағы қызын Оралдық жанұяға 1 миллион теңгеге берген”, – делінген ақпаратта.
Аталмыш дерек қылмыстық кодекстің 135 бабы (кәмелетке толмағандар саудасы) бойынша тіркелді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!