Ақтөбе облысының Шалқар ауданында тұратын Айым Сүйеуқұлова 34 жасында он екінші баласын өмірге әкелді. 16 жасында тұрмысқа шыққан келіншек бүгінде 5 қыз бен 7 ұл тәрбиелеп отыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Күйеуі Азамат Хадимжанов 39 жаста, жеке мекемеде күзетші болып істейді. Ең төменгі жалақы мен балалардың жәрдемақысына күн көріп отырған отбасы қазір аудан орталығында пәтер жалдап тұрады. 7 бала мектепте оқып жүрсе, екеуі балабақшаға барады, тағы екі бала анасының жанында үйде тәрбиеленуде.

24 мамыр күні өмірге келген 12-бала – Мұхаммед-Әли есімді ұл бала. Ол 3400 грамм болып дүниеге келген. Жергілікті билік отбасыға ауылға көшіп баруды ұсынып отыр. Шалқар ауданы әкімдігі отбасыға бала саны азайған мектепке көшуге ұсыныс білдіріп, баспана мен ірі қара мал берілетінін айтқан.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!