Ақтөбеде 47 жастағы әкімдік қызметкерін қатігездікпен өлтірген 29 жастағы такси жүргізушісіне үкім шықты. Күдікті марқұмға 35 рет пышақ сұқты деп айыпталған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AlmatyTV арнасына сілтеме жасап.
Сот ер адамды «Кісі өлтіру» бабы бойынша 11 жылға бас бостандығынан айырды.
«11 жыл – максималды жаза. Сот оны Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Ол жазаны қауіпсіздігі орташа деңгейдегі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде өтейді. Сонымен қатар айыпталушыдан 10 миллион теңге өтемақы сұраған, алайда оның қазіргі жағдайын ескеріп сот моральдық өтемақы мөлшерін 8 миллион теңге деп белгіледі», – деді ауданаралық мамандандырылған қылмыстық істер сотының судьясы Нұрлан Бақтығалиев.
Қанды оқиға ақпанның соғында болған. Мәдениет басқармасының бас маманы жұмысқа шығып, кейін жоғалып кеткен. Кейін туыстары әйелге іздеу жариялап, мәйіті келесі күні бөгде көліктің жүксалғышынан табылған.
“Құжатта бауырына пышақ сұққаны, диафрагмаға тигені, мойынында үш жарақат бары жазылған. Алғашқы жарақат өте терең, мойнынан бастап артқы жағындағы сүйегіне дейін. Көліктің іші қан, еденге төселген резеңке қаннан жабысып қалған, әрең алыпты”, – дейді марқұмның ағасы Серік Қадырбаев.
Там описано, что в печень ударил, диафрагма задета, потом шея в трех местах, первая рана очень глубокая, аж туда за горло, и сзади до кости. Вся машина в крови была, резиновые полики прилипли, их еле как отодрали. Когда ее нашли она была сложена, словно квадратиком, если человека кидаешь, например, как он упал, то в таком же положении лежит, а там было прямо сложено тело,
Мәлім болғандай күдікті мен марқұм ғаламтор арқылы танысқан. Алайда араларында жанжал болып, ер адам әйелді пышақтап тастаған. Марқұмның артында 16 және 18 жастағы қыздары қалды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!