Қазақстан Тәуелсіздігіне – 30 жыл
Аймақта ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту жөнінде облыстық кешенді іс-шаралар жоспары әзірленді. Оған Тәуелсіздік жылдарындағы жетістікті насихаттайтын түрлі форматта 260 шара енгізілген.
Аталған жоспар «Жасампаздыққа толы жылдар» басты идеясы аясында «Қазақстанның жаһандық бастамалары. Халықаралық қауіпсіздікке үлес», «Қазақстан – спортты сүйетін ұлт», «Қазақстанның ұлттық дәстүрлері мен мәдениеті», «Ғылым және технологиялар», «Ұлттық бірлік, бейбітшілік пен тұрақтылық», «Патриотизм», «Елорда күні. Нұр-Сұлтан – табыс пен өркендеудің символы», «Тәуелсіздіктің құқықтық негіздері. Құқық үстемдігі және азаматтық қоғам», «Білім», «Ауылды қайта түлету», «Индустриялық-инновациялық даму. Цифрлық экономика» және «Тәуелсіздік – жүзеге асқан арман. Қазақстан жолы» секілді 12 тақырыптық бағытта жүзеге асырылады. «Мемлекет басшысы айтқандай, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын мерекелеу ісі даңғаза ірі шаралармен емес, керісінше халыққа түсінікті, танымдық-ұлағатты дүниелер аясында жүзеге асырылады. Кешенді іс-шаралар жоспарына енгізген 12 тақырыпты әр айға
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!