Алматыда екі адам TikTok арқылы қолданушылардан ақша алып, онлайн құмар ойындарды ұйымдастырған. Желі қолданушылар арасында онлайн бәс тіккендер сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Соның арқасында  екі  азамат 4 ай ішінде 13 миллионға жуық ақшаны заңсыз тапқан. Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, алаяқ тиктокерлер стримдар ұйымдастырып, көрермен тартқан.

Іс бойынша  Аламатаның екі тұрғыны кінәлі деп танылып, 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Заңсыз ойын бизнесі саласындағы дәл осындай құқық бұзушылық үшін 19 млн теңгеден астам аса ірі мөлшерде табыс тапқан төрт адамды сот 4 жылға бас бостандығынан айырды.

Мамандардың айтуынша, құмар ойындар казино мен аппараттардан бөлек, TikTok желісі арқылы да көптеп ұйымдастырылатын болған. Дегенмен, «TikTok» платформасының жасанды интеллектісінің жұмысы жолға қойылған, бұл заңсыз контент эфирін жедел бұғаттауға мүмкіндік береді. Құмар ойындарды тарататын жаңа аккаунттар қысқа мерзімде автоматты түрде бұғатталады.

Жалпы, 2022 жылы 5,5 мың онлайн-казино сайттары мен аккаунттары, биыл – 2 мыңнан аса сайт бұғатталған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!