Батыс Қазақстанда аудит бөлімінің бас маманы 40 млн теңге парамен ұсталды. Енді тәртіп бұзушы бұл соманың 70 еселенген мөлшерінде айыппұл төлеуі тиіс.
Тергеушілер аудит бөлімінің бас маманының салықтық тексеру қорытындысы бойынша деректерді жасырғаны үшін қомақты сыйақы алғанын анықтады, – деп хабарлайды inbusiness.kz.
Енді тәртіп бұзушы параның 70 еселенген мөлшерінде айыппұл төлеуі тиіс. Әйтпесе, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына шеттетіліп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Іс сотқа жіберілді.
«БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті аудит басқармасының аудит бөлімінің бас маманына (азамат «А») ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 366-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен айыптау актісі жасалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 4-бөлігі боцынша Қылмыстық іс негізінен Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына қарау үшін жіберілді», – деді облыс прокурорының аға көмекшісі Әсел Берқалиева.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!